Мектебім алтын мекенім » Е.Сыпатаев атындағы орта мектебі
Жетісу облысы
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Е.Сыпатаев атындағы орта мектеп"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
февраль
2025

Мектебім алтын мекенім

Барлық білім беру мекемелерінде өтетін жоспарға сәйкес 2024 жылдың 02-09 қыркүйек аралығында "Мектебім алтын мекенім" тақырыбында апталық іс-шаралар өткізілді. 02 қыркүйек күні апталықтың ашылуы мектеп басшысы Қ.Жиеналиев және мектеп ұжымы , педагог-психолог Р.Даулетярова, ДТЖЖО Л.Қошқарова қатысуымен оқушыларды түрлі нақыл сөздер,қуатты сөздер жазылған плакаттармен қарсы алды.


03 қыркүйек күні "Мейірімді істер тізімі жаттығуы" және Мейірім күнтізбесі. Мұнда 5-11 сыныптар арасында оқушылар қатысты.Әдістеменің сипаттамасы " Мейірім күнтізбесі " оқушыларға мейірімді істер тізбесі жасау тапсырылды.Нәтижесінде оқушылар бірнеше жақсы істер жасағаны жөнінде жазып "Мейірім күнтізбесі" плакаттары белгіленді. Әрбір сынып жетекшілер
өз сыныбындағы оқушыларымен жұмыс жүргізілді.



04 қыркүйек күні "Мен өмірді сүйемін" атты тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысып түрлі ойындарға қатысып жақсы нәтиже көрсетті.Оқушылар жасаған жұмыстары бойынша бағаланып марапатталды және оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында сый-сияпаттар тапсырылды.


05 қыркүйек күні Ата анамен байланыс (келісім шарт) үйге тапсырма әрбір сынып жетекшілері ата аналарды келісім шартпен таныстырып, келісім психологиялық -педагогикалық қолдау көрсетуге өз еркімен және баламның мүддесі үшін бергенің және баламның Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде
1-сыныптан 11-сыныпқа дейін болу ұзақтығы үшін жарамды екенің растаймын деп келісім-шартты заңды етіп жинақталды.
05 қыркүйек күні "Бақытты отбасы" тақырыбында қабырға газеттерін жасап, оқушылар өз жұмыстарын қорғап жақсы нәтижемен марапатталды.

06 қыркүйек күні "Мейірімділік тастар" жаттығуы бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.Мұнда сынып жетекшілері мен бірлесе отырып оқушыларға жаттығу жұмыстары жүргізілді.Әрбір баланың психологиялық тұрғыда түстер арқылы әрбір заттың атын атау барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізе отырып оң нәтижесін көрсете білді.


06 қыркүйек күні Ата-аналармен жұмыс (сауалнама) Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасын анықтау барысында кездесу өткізілді. Қазіргі кезде баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып қарым-қатынас орнату барысында ата-аналармен әңгімелер түрлі пікір сайыстар жаттығулар жүргізілд і.


06 қыркүйек күні Мейірімді болса жүрек -орындалар тілек жаттығуы ұйымдастырылды.Мұнда қыздар ұйымының жетекшісі Ш.Сейдуллаева, медбике Э.Дәулетярова бірлесе отырып жұмыс жүргізді.Мейірімділік-адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі.Ол адамдардың басқаларға жан жылуын ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. "Мейірімділік,махаббат,қайырымдылық,адалдық секілді ақ жүректен шығады" (Шәкәрім).Ж.Баласағұнның "кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең-мейірімділік көресің" деп мейірімділікке зор мән берген.
09 қыркүйек күні спорттық ойындар ұйымдастыру сонымен қатар апталық қорытындысы," Бақытты отбасы" тақырыбында қабырға газеттерінің жеңімпаздарын марапаттап, оқушыларға сый-сияпаттар мен марапаттар беріліп, оқушыларды ынталандыру барысында келесі кезекте әр бір іс-шараға белсеңе қатысуға шақырып жоспарлы жұмысты қорытындыладық.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив